Түркістанда дрифт жасап, видеосын желіге жүктеген жүргізуші жауапқа тартылды

19:23, 5 тамыз 2026
MKZ: 1559859

© Сурет: pixabay

Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде BMW автокөлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға тиісті шара қолданылып, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!