2 млн теңгеге дейінгі жалақы: Еңбек министрлігі мұндай табыс кімдерге ұсынылатынын айтты
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгінде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қазақстан бойынша 53 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Бұл туралы 2026 жылғы 6 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларының мамандарын белсенді іздеп жатыр. Сондай-ақ арнайы біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орындары да ұсынылған.
"Жалақы мөлшері мамандыққа, біліктілік пен еңбек өтіліне байланысты. 11 мыңнан астам бос жұмыс орнында 300 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынылады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, білікті мамандарға бұдан да жоғары жалақы қарастырылған:
- ақпараттық технологиялар саласында – 2 млн теңгеге дейін;
- өндірісте – 1,7 млн теңгеге дейін;
- құрылыста – 1,2 млн теңгеге дейін;
- ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларында – 1 млн теңгеге дейін;
- білім беру саласында – 750 мың теңгеге дейін.
"Егер жұмыс іздеп жүрсеңіз немесе қызмет саласын ауыстырғыңыз келсе, Электрондық еңбек биржасына кіріп, өзіңізге лайықты бос жұмыс орнын таңдап, мансабыңыздағы келесі қадамды жасаңыз", – деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін, 2026 жылғы 4 тамызда, Еңбек министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 26 мыңнан астам қазақстандықтың арнаулы әлеуметтік төлем алып жүргенін хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 6 тамыз 2026
Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады
-
13:35, 6 тамыз 2026
Демалыс қарсаңында қазақстандық жүргізушілерге маңызды ескерту жасалды
-
13:16, 6 тамыз 2026
Алматыдағы Саин көшесінде төртінші жолақ қосылып, жылдамдық шектеуі енгізілді - не себеп болғаны белгілі болды
-
13:03, 6 тамыз 2026
ҰБТ-2026 қорытындысы: қанша талапкер грантқа үміткер бола алады
-
12:55, 6 тамыз 2026
86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие: Алматы кәсіпкерлеріне жағымды жаңалық айтылды





