Сапында Дастан Сәтпаев та өнер көрсететін «Челси» маусымалды ойындарда екі рет жеңіліс тапты
© Сурет: Instagram/ChelseaFc
5 тамызда Гонконгтағы "Кай Так Спортс Парк" стадионында ағылшынның "Челсиі" мен италияндық "Ювентус" арасында жолдастық матч өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық жанкүйерлер "аристократтар" сапында өнер көрсететін сүйікті ойыншысы - Дастан Сәтпаевты көру үшін бұл ойынды асыға күтті.
17 жастағы шабуылшы "Челсидің" бастапқы құрама сапына енгізілген болатын. Алайда бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталып, Хаби Алонсо біздің ойыншымызды алаңға шығармады.
Ал кездесудің 65-минутында бұрынғы "қайраттық" ойыншы мүмкіндікке ие болып, клубтағы басқа да әріптестерімен бірге алаңға шықты.
Бұл сәтте "көктер" алаңдағы орындарын дұрыс игеріп үлгермей, бірден өз қақпаларына гол жіберіп алды. "Кәрі синьорлар" сапынан албаниялық вингер Эдон Жегров ерекшелене білді.
Лондондық ұжым есепті теңестіруге қанша әрекет жасағанымен, таблодағы 1:0 есебі соңғы ысқырыққа дейін өзгеріссіз қалды.
Ал біздің талантты ойыншымыз Сәтпаев үшін бұл - "Челсидің" қазіргі маусымалды тур аясындағы үшінші ойыны, бұған дейін ол бір рет гол соғып, көзге түскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:01, 7 қыркүйек 2026
Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
-
19:29, 7 қыркүйек 2026
Айдана Құмартаева таеквондодан Оңтүстік Кореядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды
-
17:52, 7 қыркүйек 2026
Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды
-
16:59, 7 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қай ел жеңіске жеткені анықталды
-
14:36, 7 қыркүйек 2026
WTA Рыбакинаның US Open турнирінде Стародубцеваға қарсы ойынына пікір білдірді





