Павлодарда 6-сынып оқушысы пышақ сілтеп, екі баланы жарақаттады

10:56, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: pixabay

Павлодарда алтыншы сынып оқушысы екі құрдасын пышақтап, жарақаттады. Балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған, мектептегі сабақтарынан кейін үйге оралған, деп хабарлайды Zakon.kz.

№ 21 мектептегі оқыс оқиға жайлы өңірдегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева айтты:

"Бізге ұсынылған ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға 11 қыркүйекте "Эрзи" дүкенінің жанында түскі уақытта болған. 6-сынып оқушыларының бірі екі оқушыға жиналмалы пышақ сілтеп, жарақатын салған".

Сол күні кешке оқушылар жарақаттарына шағымданып, ата-аналары оларды медициналық облыстық балалар ауруханасына апарды. Дәрігерлер балалардың жарақат орынын тігіп берген.


"12 қыркүйекте ата-аналар мектеп әкімшілігіне хабарласып, олар бұл туралы білім бөліміне хабарлап, полиция шақырды. 13 қыркүйекте кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында оқыс жағдайға кінәлі алтыншы сынып оқушысының заңды өкіліне де, мектеп әкімшілігіне де қатысты шешімдер мен ұсынымдар шығарылды", – деп толықтырды өз сөзін Шакенева.

Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар сабаққа келіп жүр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін оқу жылының басында төбелес кезінде Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Темір ауданында Кеңес ауылында болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!