Павлодарда отқа оранған дүкенде қызметкер көз жұмды

17:12, 23 қаңтар 2025

© Фото: zakon.kz

Павлодарда құрылыс материалдары жанып, ғимарат өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10:45-те Астана көшесінде орналасқан құрылыс материалдары дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицина орталығы дереу жіберілді.

"Өрт сөндірушілер тез арада 40 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануын сөндіруге кірісті. Жұмысты қатты түтін қиындатты. Ғимараттан бір газ баллоны шығарылды. Өрт шыққан жерде 1965 жылы туған дүкен қызметкерінің денесі табылды", - деп хабарлады департамент.

Өрт сағат 11:50-де толықтай сөндірілді. ТЖД күштері мен құралдарынан 54 қызметкер мен 10 техникасы жұмылдырылды. Өрт себебі анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!