СҚО-да үй өртеніп, бір отбасының бес адамы көз жұмды

20:52, 23 қаңтар 2025

© Сурет: видео скрині

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында үй өртеніп, бес адам көз жұмды. Түн ортасында дабыл қағылып, өрт сөндірушілер оқиға орынына жеткенше, жер үй қызыл жалынға оранған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, 100 шаршы метр үйде бес бала тәрбилеп отырған жалғызбасты әке тұрған. Перзенттерінің анасы бірер жыл бұрын ғана қайтыс болыпты. Өзі ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Өрт сөндірушілер күлі ғана қалған үйдің орынынан бес адамның — 40 жастағы әке және оның үш қызы мен бір ұлының мәйітін шығарды.

Ал Петропавлда колледжде оқитын үлкен ұлы сабақта болып аман қалған. Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігі марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсететін болды.

"Кәмелетке толмаған студент енді колледж жатақханасында тегін тұрады. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету жағы қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болмақ".СҚО әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!