Павлодарда автобус аялдамасы маңында бір бойжеткенді көлік қағып кетті

22:56, 26 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

26 шілдеде "Қамқор" көлік базары маңында жол апаты болып, 28 жасар бойжеткен зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы өздеріне шақырту сағат 17:17-де келіп түскенін айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Төрт минуттан кейін дәрігерлер бригадасы оқиға орнында болды.

28 жастағы қыз ауыр жағдайда №3 қалалық ауруханаға жеткізілгені, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатқаны нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!