Павлодарда алимент төлеуден жалтарған азамат ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында екі кәмелетке толмаған баласына бірнеше жыл бойы материалдық көмек көрсетуден жалтарып келген 46 жастағы ер адам ұсталды. Оның алимент бойынша берешегі 7 млн 600 мың теңгеге жеткен.
Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартовтың айтуынша, жиналған қомақты қарыз бойынша тергеу амалдарын бастауға негіз болған.
"Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жыл басынан бері өз балаларына алимент төлеуден жалтарған 75 азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық міндеттерді орындамау қатаң құқықтық салдарға әкелетінін ескерген жөн. Мұндай жағдайда әкімшілік жауапкершілік ретінде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе әкімшілік қамауға алу шаралары қарастырылған. Ал алимент төлеуден қасақана және жүйелі түрде жалтарғандарға екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген", – деді ол. Полиция қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды заңнан жасырынбауға шақырады.
Мұндай жағдайда төлем көлемін заң аясында реттеу үшін сотқа немесе сот орындаушыларына дер кезінде жүгінген дұрыс. Бұл істің қылмыстық жауапкершілікке дейін ушығуына жол бермейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





