ІІМ Қызылордадағы колледж студентінің өліміне қатысты пікір білдірді
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 13 мамырда Мәжілісте Қызылордада колледж студентінің қаза табуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
"Күдікті қамауға алынды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Әділов.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 16 жастағы студенттің Қызылордадағы жатақханада өлі табылғаны туралы ақпарат тараған еді. Оқиға 8 мамырға қараған түні болған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, жасөспірім жоғары курс студенттері тарапынан соққыға жығылып, соның салдарынан көз жұмған болуы мүмкін. Сондай-ақ әпкесінің сөзінше, баланың денесі дәліз бойымен қан ізін қалдыра сүйреліп, кейін бөлмеге жасырылған.
Отбасы тек төбелеске қатысқандарды ғана емес, студенттердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерді де жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





