Павлодар колониясында кәмелетке толмаған қызбен қатынасы үшін сотталған жігіт асылып өлді

17:20, 6 қараша 2026
MKZ: 1576363

© Фото: Zakon.kz

Биыл сәуірде сот залында қамауға алынған жігіттің жақында Павлодардағы түзеу мекемесінде мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) мәліметінше, осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу барысы бақылауға алынған. Сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде асылып, өз-өзіне қол жұмсаған", – деп жауап берді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД.

Жігіт сәуірде 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін кінәлі деп танылған соң Павлодардағы түзеу мекемесіне қамалған.

Тергеу дерегінше, 19 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыз өзара келісіммен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы қыздың анасы білген соң полицияға арызданған. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!