Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді

19:49, 5 қараша 2026
MKZ: 1576198

© Сурет: Ақорда

Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды.

Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.

Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.

Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.

Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгін кешке елордаға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов та келіп жетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!