Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды
© Фото: zakon.kz
Ақтауда жекеменшік лицейлердің бірінде болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен. Видеодан әйел адамның еден жуушының жанында тұрғанын, одан кейін оның шелегін тепкенін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жағдайдан кейін қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрып, мән-жайды тексерген. Еден жуушы бұған дейін мектеп директорының үйінде жұмыс істепті. Кейін оны лицейге жұмысқа алып, жалақысын қолма-қол беріп отырған. Жанжалға директордың әйелінің сыртынан қызметкердің айтқан ғайбат сөздері себеп болыпты. Яғни, дөрекілік танытқан ұстаз мектеп директорының әйелі болып табылады, деп хабарлайды КТК.
"Ақтау қаласының білім бөлімі тарапынан зерделеу құрылып, оған полиция басқармасын да қосқан болатынбыз. Зерделеу комиссиясының шешімімен, мұғалімге сөгіс беріліп, жұмыстан шығарылды. Полиция басқармасы да жұмысын істеп жатыр, оның да шешімі қосымша жарияланады". Айбаршын Қуанышқалиқызы, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы
Бұған дейін Астанада TikTok-тағы тікелей эфирде ашуға бой алдырған әйел соттан бір-ақ шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 5 қараша 2026
Әлеуметтік топтағы азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінген ақшаны «жеген» ЖШС басшысы сотталды
-
21:48, 5 қараша 2026
Суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасы: Анатолий Руденконың финалдағы нәтижесі белгілі болды
-
21:42, 5 қараша 2026
TikTok-тағы ұрыс-керіс: Астанада тікелей эфирде ашуға бой алдырған әйел соттан бір-ақ шықты
-
20:30, 5 қараша 2026
«Қатты жел тұрып, күн суытады». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:01, 5 қараша 2026
Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр





