Түрікменстан президенті Астанаға ресми сапармен келді

17:57, 5 қараша 2026
MKZ: 1576175

© Фото: zakon.kz

2026 жылғы 5 қарашада кешке Астана әуежайына Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мінген ұшақ келіп қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.

Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.

Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.

Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!