Қарашада оңтүстікте күн +27 градусқа дейін жылынады – «Қазгидромет» себебін түсіндірді

17:16, 6 қараша 2026
MKZ: 1576364

© Фото: Zakon.kz

7-8 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мұндай ауа райын климаттық ауытқу деп санауға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, елдің шығысында да күн жылынады. Онда ауа температурасы +17 градусқа дейін жетеді.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай температура көрсеткіштері климаттық ауытқу болып саналмайды. Жылынуға оңтүстік циклонның жақындауы себеп болған.

Сондай-ақ мамандар температураның көтерілуі алдағы қыс мезгіліне әсер етпейтінін атап өтті.

"Апта соңына қарай ауа температурасы қайта төмендейді", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!