Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр
© Сурет: akorda.kz
Ақордада вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі.
Сондай-ақ комиссия 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.
Вице-президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр.
Атап айтқанда, кейінгі 8 жылда Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны шамамен 40 есеге жуық азайған. Бұл өз кезегінде еліміздегі әлеуметтік оптимизм деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, төлқұжатымыздың беделі жылдан жылға нығайып келеді. Бұл Қазақстанның тартымдылығының арта түскенін білдіреді. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады", – деді Ерлан Қарин.
Сонымен қатар Қазақстан азаматтығы шетелдің ІТ, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, инвесторлар, ғылымдар мен мәдениет қайраткерлері үшін тартымды бола түсуде.
"Еліміздің азаматтығы президенттің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда жүзеге асырған реформаларының нәтижесінде осындай беделге ие болды. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысы жүргізіп отырған халықаралық ынтымақтастық саясатының жемісі екені анық", – деді Ерлан Қарин.
Бұған дейін
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:49, 5 қараша 2026
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді
-
19:45, 5 қараша 2026
«Балаңызды балабақшаға орналастырып беремін». Алаяқтық дерегі бойынша астаналық бойжеткен ұсталды
-
19:31, 5 қараша 2026
Қостанай облысында кәмелетке толмаған бозбала зейнеткерді бауыздап кеткен
-
19:04, 5 қараша 2026
Триатлоннан Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында отандық спортшы қола медаль иеленді
-
19:00, 5 қараша 2026
Көкшетауда үш студент егде жастағы ер адамды ашықтан ашық тонаған





