Көкшетауда үш студент егде жастағы ер адамды ашықтан ашық тонаған
© Сурет: pexels
Көкшетауда полицейлер 60 жастағы ер адамды тонаған күдіктілердің үшеуінің жеке басын анықтады. Қылмысты ашуға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл қыркүйекте ер адам ашықтан ашық тонауға ұшыраған. Үш жас оған дене жарақатын салып, құжаттары, ұялы телефоны және ақшасы салынған барсеткасын тартып алып кеткен.
Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Күдіктілерді ізін суытпай ұстау мүмкін болмағанына қарамастан, жедел уәкілдер олардың жеке басын анықтау жұмыстарын жалғастырды.
"Қараша айының басында полицейлер тонау фактісінің барлық үш қатысушысын анықтады. Олар колледждерде оқитын Зеренді ауданы ауылдарының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта тонау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде". Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Талдықорғанда полицейлер заманауи технология көмегімен жоғалған алтын білезікті тапқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:04, 5 қараша 2026
Триатлоннан Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында отандық спортшы қола медаль иеленді
-
18:41, 5 қараша 2026
Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің al-Hussain ibn Ali орденімен марапатталды
-
18:37, 5 қараша 2026
Мемлекет басшысы Иордания королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады
-
18:36, 5 қараша 2026
Анатолий Руденко суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
-
18:30, 5 қараша 2026
«Күн суытып, қар жауады»: Еліміз бойынша 6 қарашаға арналған ауа райы болжамы





