Талдықорғанда полицейлер заманауи технология көмегімен жоғалған алтын білезікті тапты
© Фото: zakon.kz
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері заманауи бейнеталдау технологияларының көмегімен жергілікті тұрғынның жоғалған алтын білезігін тауып, заңды иесіне қайтарды. Қала тұрғыны алтын әшекейінің жоғалғанын байқап, полицияға көмек сұрап жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізілген іс-шаралар барысында Жетісу облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері заманауи бейнеталдау технологиялары мен бет-әлпетті тану жүйесін қолданды. Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, бейнежазбаларды мұқият зерделеу және полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде жоғалған алтын білезіктің орналасқан жері анықталды.
Тергеу-жедел тобы мен жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында алтын білезік табылып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кезегінде тұрғын полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, кәсіби көмек көрсеткені үшін шынайы алғысын білдірді.
Айта кетейік, жыл басынан бері аталған жүйенің көмегімен 85 тексеру жүргізіліп, қылмыс жасауға қатысы бар 22 адам анықталды. Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 12 тұлға белгілі болды. Бұдан бөлек, заманауи технологиялар азаматтардың жоғалған мүлкін іздестіруде де тиімді қолданылуда.
Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттырып, қылмыстарды ашуға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және тұрғындарға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды тиімді пайдалану – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асырудың маңызды бағыттарының бірі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 5 қараша 2026
Қазақстан президенті мен Иордания королі келіссөз жүргізді
-
17:38, 5 қараша 2026
Қазақстанға қоныс аударатын қандастар мемлекеттік субсидияны қалай ала алады
-
17:02, 5 қараша 2026
Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті
-
16:56, 5 қараша 2026
Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады
-
16:42, 5 қараша 2026
Қазақстанда ғылым қалалары мен ғылыми-технологиялық парктердің жұмысы бақыланады





