Парижде ұрлық тыйылмай тұр: бұл жолы сирек сапфир қолды болды
© Сурет: unsplash
Парижде белгісіз біреу зергерлік бұйым тасымалдап жүрген курьерге шабуыл жасап, 150 мың еуро тұратын сапфир мен басқа да бағалы заттарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Париждегі батыл тонаулар жалғасуда: осы жолы сирек сапфир ұрланды
Бұл туралы Le Figaro басылымы прокуратураға сілтеме жасап жазды.
Оқиға 22 желтоқсанда таңертең болған. Қылмыскер екі курьерге автокөліктен түскен сәтінде шабуыл жасаған. Тергеу деректеріне сүйенсек, оның қолында зілбалға болды. Ол бір курьердің самайына соққы жасап, бес пакеттегі зергерлік бұйымдар мен алтындарды алып кеткен.
Қылмыскер оқиға орнынан скутермен ізін суытқан. Полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салсақ, 2025 жылғы 18 қазанда атақты Лувр музейінен әйгілі зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазғанбыз. Мұны көпгілік "ғасыр тонауы", деп атап кетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 25 желтоқсан 2025
Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді
-
13:46, 25 желтоқсан 2025
Қазақстандағы зейнетақы: төлемді басқа банкке аударуға бола ма?
-
13:37, 25 желтоқсан 2025
DAMUMED жұмысында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталды
-
13:25, 25 желтоқсан 2025
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады
-
13:18, 25 желтоқсан 2025
Павел Дуров өзінен бала көтергісі келетін әйелдерге ЭКО-ны толық төлеуге дайын екенін мәлімдеді





