DAMUMED жұмысында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталды

13:37, 25 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Астанадағы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Даму" ақпараттық технологиялар орталығына қатысты тексеруді аяқтады. Тексеру барысында компанияның медициналық қызметтер үшін монополиялық баға белгілегені анықталды.Толығырақ ақпарат Zakon.kz сайтында жарияланды.

Айыппұл мөлшері 286 миллион теңгені құрайды.

Жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде "DAMUMED" кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік көрсету және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта "Даму" ақпараттық технологиялар орталығы" ЖШС айыппұлды толық көлемде өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!