Париж-2024: 27 шілдеде өнер көрсететін отандық спортшылар тізімі

09:13, 27 шілде 2024

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Туризм және спорт министрлігі Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 27 шілдеде өнер көрсететін отандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 27 шілдеде отандық атлеттер спорттың 8 түрінде өнер көрсетеді.

Сонымен дзюдодан алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады.

  • 48 келі салмақта Әбиба Абужақынова бірінші раундта Израиль спортшысы Сара Ришонимен күш сынасады.
  • Сондай-ақ бірінші раундта 60 келі салмақта Елдос Сметов нидерландтық Торнике Чкадуаны жеңуге тырысады.

Нысана көздеуден ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

  • Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды, 3-4 орын қола медальді сарапқа салады.
  • Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова.

Академиялық ескек есуден іріктеуде Владислав Яковлев бақ сынайды. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді.

Спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңді сағат 18:30-да "Хабар" арнасынан көре аласыздар:

  • көпсайыс – Милад Карими;
  • ат снаряды – Нариман Курбанов.

Велоспорттан жекелей сындағы жарыстың финалында Евгений Федоров төбе көрсететін болады.

Теннис:

  • Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00,
  • Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00.

Үстел теннисі:

  • Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокстан 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық былғары қолғап шебері Ойер Ибареччені жеңуге тырысады. Оны Қазақстан уақыты бойынша 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де "Хабар" арнасының эфирінен көруге болады.

Қазақстан құрамасы, жазғы Олимпиада ойындары, 27 шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2024 09:13

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Қазақстан боксшысының суреті бейнеленген баннер Париж көшелерінде пайда болғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!