Парақорлық: Алматыда бұрынғы қос вице-министр мен Бірінші кредиттік бюроның экс-басшысы сотталды
© Фото: zakon.kz
Алматыда бұрынғы вице-министрлер мен "Бірінші кредиттік бюроның" экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қылмыстық іс Алмалы аудандық сотында қаралды. Сотта лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, пара алды және пара берді, сондай-ақ зиянды компьютерлік бағдарламаларды орнатып, пайдаланды деген айыппен бес адамның ісі қаралды (ҚР ҚК-нің 361, 366, 367, 210-баптары).
Олар: "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Руслан Омаров; бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған, сондай-ақ "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның экс-басшысы Ақмәди Сарбасов; бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған, сондай-ақ "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Дәулет Арғандықов. Сондай-ақ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының екі қызметкері – Тәуке Болатбаев пен Ақжол Дошымов.
Сот үкімімен:
- Арғандықов белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына аластатыла отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
- Омаров белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына аластатыла отырып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;
- Сарбасов мемлекеттік қызметті атқаруына өмір бойына тыйым салына отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды;
- Болатбаев пен Дошымовтың әрқайсысы информатикалық жүйелермен, телекоммуникация желілерімен және бағдарламалық өнімдермен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Жекелеген эпизодтар бойынша сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты ақталды. Жәбірленушінің өкіліне азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен азаматтық талап-арызбен жүгіну құқығы түсіндірілді. Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушылардың жеке басы туралы мәліметтерді, сотталмағанын, отбасылық жағдайын, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын және жазаны даралау заңының талаптарын ескерді. Үкім заңды күшіне енген жоқ", деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 қарашада.
Айта кетсек, 2025 жылдың маусымында Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері 75 мың доллар көлеміндегі пара ісі бойынша Арғандықовты, Омаровты және Сарбасовты ұстаған болатын. Тінту кезінде құқық қорғау органдары олардан 370 мың доллар мен 4,5 миллион теңге тапқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:54, 11 қараша 2026
Пошта сәлемдемесі желеуімен алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болғаны ескертіледі
-
18:14, 11 қараша 2026
Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді
-
18:14, 11 қараша 2026
БҚО-да ауыл тұрғындары президент Жолдауына қолдау білдірді
-
17:50, 11 қараша 2026
Алматыда қар жауды - фоторепортаж
-
17:38, 11 қараша 2026
Алматыда толассыз жаңбыр жауып, жолда пайда болған шұңқырға бірнеше автобус түсіп кетті





