Павлодар тұрғыны бейтаныс адаммен ішімдік ішіп, ауруханадан есінен айырылып шыққан

21:13, 10 қараша 2026
MKZ: 1577053

© Фото: pexels

Павлодарда ішімдік үстінде кездейсоқ танысқан екі адамның арасындағы жанжал төбелеске ұласып, соңы ауруханаға түсуімен аяқталған. Жаңа танысымен кездескеннен кейін ер адамның есте сақтау қабілеті нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 10 қарашада "Ирбис ТВ" телеарнасының сайтында жазылғандай, сотта денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралған. Тергеу барысында бұған дейін бір-бірін танымайтын екі ер адамның бірге ішімдік ішкені анықталған.

Кейін белгілі болғандай, олардың бірінде шизофрения диагнозы болған. Ішімдік ішіп отырған кезде араларында жанжал туындап, ол қарсыласын алдымен жұдырықпен ұрған. Содан кейін ер адам құлаған кезде басынан бірнеше рет тепкен.

"Жәбірленушінің сотта берген жауабына қарағанда, айыпталушымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде сөзге келіп қалған. Сол кезде айыпталушы оның басынан жұдырықпен ұрған. Салдарынан ол жерге құлаған. Артынша айыпталушы басынан бірнеше рет тепкен. Қолымен және аяғымен барлығы 3-4 рет соққы жасаған. Жәбірленуші есінен танып қалған. Ауруханадан шыққаннан кейін алған жарақатына байланысты есте сақтау қабілетінен айырылған. Қазір біртіндеп есіне түсіріп жатыр", – делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысында.

Іс материалдарын зерделеген сот айыпталушының кінәсі дәлелденгенін анықтады. Алайда оған үкім шығарудың орнына қаулы қабылдады.

Бұған айыпталушының диагнозы және қылмыс жасаған сәтте де, қазіргі уақытта да өз әрекетіне есеп бере алмайтыны себеп болған. Нәтижесінде оны психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!