БҚО-да ауыл тұрғындары президент Жолдауына қолдау білдірді
© Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Құрылтайының депутаты Снежанна Имашева, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев өңірге жұмыс сапары аясында Теректі ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Басқосуға Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, еңбек ардагерлері, түрлі сала қызметкерлері және жастар қатысты.
Кездесуде Жолдау жүктеген міндеттер – цифрлық экономика құру, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында өңірлік инфрақұрылымды дамыту, отандық өнімдер және жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Спикерлер өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Делегация мүшелері қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алмасты. Аудан тұрғындары БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы президент Жолдауынан хабардар болғанын айтып, бағдарламалық құжаттағы бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 11 қараша 2026
Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді
-
17:50, 11 қараша 2026
Алматыда қар жауды - фоторепортаж
-
17:38, 11 қараша 2026
Алматыда толассыз жаңбыр жауып, жолда пайда болған шұңқырға бірнеше автобус түсіп кетті
-
17:18, 11 қараша 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Еліміз бойынша 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
16:56, 11 қараша 2026
Қазақстан Халық Кеңесінде ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын шешуге бағытталған бастама талқыланды








