Алматыда толассыз жаңбыр жауып, жолда пайда болған шұңқырға бірнеше автобус түсіп кетті
© Фото: zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 11 қарашада Алматыда қатты жаңбыр жауып, тас жолдың кейбір бөліктері бүліне бастады. Бұған бірнеше автобустың шұңқырға түсуі дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеодан Ілияс Жансүгіров көшесінде тұрып қалған автобустар мен жаяу жүргіншілердің кесірінен көлік кептелісі пайда болғанын көруге болады.
Аталған жарияланымға байланысты "Алматы Су" КМК кәсіпорыны үн қатты. Олар Ержанов көшесіне асфальт жабынын қалпына келтірілгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілгенін, тура сол арада жол жабындысының отыруы немесе шөгуі орын алғанын атап өтті.
Компания бұған жауын-шашын түрткі екенін айтады:
"Қазіргі уақытта мердігер ұйымның құрылыс бригадасы пайда болған ойықтарға топырақ төсеп, оларды жою және жол жабындысын тиісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", деп хабарлады "Алматы Су" КМК.
Сондай-ақ мамандар жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИсточник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 17:18, 11 қараша 2026
«Қар жауып, көктайғақ болады». Еліміз бойынша 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- 16:56, 11 қараша 2026
Қазақстан Халық Кеңесінде ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын шешуге бағытталған бастама талқыланды
- 16:53, 11 қараша 2026
Қазақстанда инновацияларды дамытудың бес жылдық тұжырымдамасы бекітілді
- 16:46, 11 қараша 2026
Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады
- 16:35, 11 қараша 2026
Жылыну үшін пешке кірген: полицейлер 13 жастағы баланы үйіне аман жеткізді





