Құрылтай депутаты мен орталық мемлекеттік орган өкілдері БҚО-ға жұмыс сапарымен келді

18:14, 11 қараша 2026
MKZ: 1577250

© Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Құрылтай депутаты Снежанна Имашева және орталық мемлекеттік орган өкілдері Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми делегация Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ұжымымен, студенттермен, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласыныі өкілдері кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттер кеңінен талқыланды.

Кездесу, БҚО, Теректі, президент, Жолдау, ауыл тұрғындары, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 18:14

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Снежанна Имашева бағдарламалық құжатта барлық салаға цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу үдерісін жетілдіру, жаңа технологияларды игілікке айналдыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін атап өтті. Осы тұрғыда ол университет ұжымы мен студенттердің тың жобаларын жоғары бағалап, кәсіби кадрлар мен заманауи технологияларды жетік меңгерген жастардың ел дамуындағы ерекше рөліне тоқталды.

Кездесу, БҚО, Теректі, президент, Жолдау, ауыл тұрғындары, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 18:14

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Президент Жолдауында елдің экономикалық дамуы әрбір тұрғынның әл-ауқатының жақсаруымен көрініс табуы туралы айтылды. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков келер жылы ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге көтеру, шағын бизнесті тексеруге мораторий мерзімін үш жылға ұзарту, салық заңнамасын жетілдіру, фермерлерді ұзақмерзімді қаржыландыру тетіктерін енгізу, жергілікті тауар өндірушілердің өнімін өткізу мәселесін реттеу және тағы басқа нақты шаралардың түпкі мақсаты халықтың тұрмыс сапасын арттыру екенін атап өтті.

Кездесу, БҚО, Теректі, президент, Жолдау, ауыл тұрғындары, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2026 18:14

Сурет: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Президент тапсырмаларына сәйкес елімізде "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Ведомство өкілі бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті.

Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев жаңа конституциялық органның мақсат-міндеттеріне тоқталды. Ол делегация мүшелеріне өңірдің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты.

Басқосуға қатысушылар бағдарламалық құжаттағы негізгі басымдықтарға қатысты жан-жақты пікір алмасты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!