Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

21:59, 10 қараша 2026
MKZ: 1577057

© Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылыс салдарынан адам шығынына байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бауырлас Түркия халқына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқандардың жақындарына сабыр тіледі. Сондай-ақ жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Еске салайық, 9 қарашада Измир провинциясының Алиага ауданындағы HABAŞ металлургия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде жарылыс болып, арты өртке ұласқан. Оқиға салдарынан бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жедел жеткен. Соңғы мәлімет бойынша, апаттан қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен. Бұған қоса, оқиғаға байланысты алты күдікті ұсталған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!