«Озық шешімдердің игілігін көріп отырған шаруа қожалықтары аз емес» – Тоқаев агросалаға ЖИ енгізу туралы
© Фото: pixabay
Солтүстік Қазақстандағы "Ақселеу" шаруа қожалығы өндірісті цифрлық басқару және жер серігі арқылы бақылау жүйелерін енгізіп, есеп жүргізуді автоматтандырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында осы шаруашылықты өзге өңірлерге үлгі етті.
Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізу қажет екенін айтқанын еске салды.
"Бүгінде озық шешімдердің игілігін көріп отырған шаруа қожалықтары аз емес. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда осындай кәсіпорындар бар. Атап айтқанда, "Ақселеу" шаруашылығы өндірісті цифрлық басқару және жер серігі арқылы бақылау жүйелерін енгізді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, "Ақселеу" ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да үлес қосып отыр. Ауыл тұрғындары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған әрі таза ауыз сумен қамтылған. Кәсіпорын мектепке, спорт кешеніне және басқа да әлеуметтік нысандарға тұрақты қолдау көрсетеді.
"Осылайша, цифрландырудың арқасында ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі, оның бәсекеге қабілеті артып, жалпы ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы жақсаруда. Сондықтан басқа да шаруа қожалықтары осы мүмкіндіктерді өз аймақтарында қолданғаны жөн деп санаймыз", – деді Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:08, 20 қараша 2026
Шаруалардың кредитті өтеу қабілетін бағалайтын цифрлық модель енгізу керек – Тоқаев
-
15:04, 20 қараша 2026
Аттары бөлек, бірақ заттары бірдей – Президент ауыл шаруашылығы бағдарламаларына талдау жүргізуді тапсырды
-
15:03, 20 қараша 2026
Қазақстан мен Еуропа: 15 жылда қай елдің тұрғындарының табысы көбірек өсті
-
14:56, 20 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс – Тоқаев
-
14:54, 20 қараша 2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс» – Мемлекет басшысы отаншылдық ұранды атады





