Оралда болған жаппай жол апатының видеосы желіде жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Бірінші қазанда түнгі сағат 00:10-да Оралдағы Тәуелсіздік және Правдухин көшелерінің қиылысында жаппай көлік апаты орын алды. Кейін аталған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҚО полиция департаментінің нақтылауынша, ағымдағы айдың бірінші күні 44 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Tiguan бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтап тұрған Mercedes-ке соғылды.
Қатты соққы салдарынан Mercedes бар инерциясымен алдында тұрған "ВАЗ" мен Skoda Rapid-ті түйіп кетті.
"Мой город" сайты Volkswagen Tiguan тізгінінде БҚО әкімдігі аппаратының қызметкері болуы мүмкін екенін жазған. 4 қазанда полицейлер медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Volkswagen Tiguan жүргізушісі "орташа дәрежеде" мас болғанын хабарлады. Жол апаты бойынша қозғалған іс әлі сотқа жолданған жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады
-
13:20, 15 желтоқсан 2025
Валерий Меладзенің Қырғызстандағы концерті өтпейтін болды
-
13:15, 15 желтоқсан 2025
Байқоңырдан «Протон» зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды





