Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматтарына жұмыс табу бұрынғыдан оңайырақ болады
© Сурет: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Кореяға нәпақа табуға барған Қазақстан азаматтары енді арнайы оқу тағылымдамасынан өтіп, заңды жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ. Себебі Қазақстан оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне қосылғалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-иктің екіжақты кездесуі барысында талқыланды.
Келіссөздер барысында тараптар елімізді оңтүстіккореялық шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (EPS) енгізу бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Асқарбек Ертаев Чжо Тэ-икті қазақстандық азаматтардың Корея Республикасында заңды, қауіпсіз және тәртіпке келтірілген жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.
Тараптар осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Вице-министр Корея Республикасының Елшілігіне сындарлы және татымды диалог үшін алғысын білдірді.
Айта кетсек, Employment Permit System (EPS) - Оңтүстік Кореяға шетелден келген біліктілігі төмен жұмысшыларға арналған мемлекеттік нұсқаулық. Бұл бағдарлама жұмысшыларды іріктеу саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 26 маусым 2026
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар 61 жастағы ер адам ұсталды
-
22:09, 26 маусым 2026
Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды
-
21:37, 26 маусым 2026
Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр





