Астанада қызметтік ит есірткі тасымалының алдын алды

18:51, 23 желтоқсан 2025

© Сурет: polisia.kz

Профилактикалық іс-шара барысында Күйгенжар бекетінде полиция қызметкерлері "Тойота" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде инспектор-кинолог, лақап атты "Бакс" қызметтік итімен 55 жастағы жолаушыға белгі берді. Сөйтіп ер адамның кеуде тұсынан пакет табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 1 келіден асатын каннабис шайыры болып шықты.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Айта кетейік, жыл басынан бері елордада қызметтік иттердің көмегімен шамамен 40 есірткі құқық бұзушылығы анықталған. Ескерте кетеміз, есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарлауға шақырамыз", - дейді Астана қалалық ПД КҚО бастығы Рауан Дәулетов.

Бұған дейін киберполицейлер алаяқтықтың жиілеуіне байланысты ел азаматтарына жүгініп, үндеу жасаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!