Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа өкілеттіктерге ие болды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы қаулысымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Ереже Министрліктің 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін жаңа функцияларымен толықтырылды:
- өз құзыреті шегінде тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын биржалық тауарлардың сауда-саттығына мониторинг жүргізу;
- сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу;
- Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу;
- Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда келесі тармақ көрсетілген:
- "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:40, 26 маусым 2026
Жетісу облысында велосипед ұрлығына қатысы бар 61 жастағы ер адам ұсталды
-
22:09, 26 маусым 2026
Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды
-
21:37, 26 маусым 2026
Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:07, 26 маусым 2026
Алматыда Мемлекет басшысының атынан отандық БАҚ қызметкерлері марапатталды
-
20:43, 26 маусым 2026
Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр





