Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
© Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ел экономикалық өсім 6,4%-ды құрағанын еске салады.
"Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру мақсатында Президент тапсырмасы бойынша әзірленген Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған халықтың әл-ауқатын тұрақтандыру және арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан бюджеттік-салықтық реформалар фискалдық саясатты жаңғыртуға және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді кешенді түрде төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ жиында 2026 жылдың негізгі сыртқы және ішкі сын-қатерлері қаралды, жаһандық экономикадағы өсімнің баяулауы туралы болжамдар бар трендтер ұсынылды". Үкіметтің баспасөз қызметі
Кеңес мүшелері экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, өнімді жұмыс орындарын құру және медиандық жалақы мөлшерін арттыру бойынша алдағы шараларды талқылады. Нарықты отандық тауарлармен толықтыруға бағытталған импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасы халықтың табысын қолдауға ықпал етпек.
Қазақстандық өнімдердің сапасын жақсарту және заманауи технологияларды енгізу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы әлемдік нарықтарға дайын өнім экспортын ұлғайта отырып, шикізат экспортынан жоспарлы түрде бас тартып жатыр, бұл өз кезегінде әртараптандырылған құрылымның қалыптасқанын айғақтайды. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы жеке инвестициялардың үлесін арттыруға назар аударылды. Экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы екінші деңгейлі банктердің рөлін арттыру және шетелдік инвестицияларды мультипликативтік әсері бар ірі жобаларға бағдарлау қажеттігі атап өтілді.
Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету міндетіне басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде мәселе азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, қызметтер бағасының тұрақты төмендеуі туралы болып отыр.
"Күрделі сыртқы конъюнктураға қарамастан, еліміздің экономикасы даму үстінде. Құрылымдары бойынша қарасақ, өңдеу, құрылыс, сауда және көлік саласы өсуде. Яғни, өсім тең жағдайда жүріп жатыр. Біз инфляция бойынша төмендеу үрдісін көріп отырмыз. Бағытымыз – инфляцияны төмендету бойынша алдымызға қойылған міндеттерді сапалы орындау", — деді Олжас Бектенов.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктерімен бірлесіп, экономикалық ахуалға мониторинг жүргізу және ықтимал тәуекелдердің алдын алу жөнінде келісілген іс-қимылдарды жедел жүзеге асыру тапсырылды.
Айта кетсек, 14 желтоқсанда Үкіметте азық-түлік бағаcын тұрақтандыру мәселесі қаралған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:39, 25 желтоқсан 2025
«Боран, аяз, жаңбыр». Жұмада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:42, 25 желтоқсан 2025
Шаңғы жарысынан Қазақстан кубогының алғашқы нәтижелері жария болды
-
20:36, 25 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің тың мәліметтерімен бөлісті
-
20:36, 25 желтоқсан 2025
Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тың тергеу мәліметтерімен бөлісті
-
20:01, 25 желтоқсан 2025
Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты





