Қазақстандықтарға жеке куәлікке қатысты маңызды ақпаратты еске салды

15:24, 25 желтоқсан 2025

© Фото: gov4c.kz

2025 жылғы 25 желтоқсанда қазақстандықтарға құжат алу кезіндегі маңызды сәттер жайлы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жеке куәліктер тегін берілетіндігін еске салды.

"Жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде ауыстыру мемлекеттік баж алынбай жүзеге асырылады",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, жеке куәлікті тек Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, сонымен қатар онлайн режимде – eGov.kz электрондық үкімет порталы және Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

"Сонымен қатар, еске саламыз: Қазақстан Республикасының "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Заңын іске асыру аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт пен жеке куәлік алу кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізілді. Ол Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі және 12 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, сондай-ақ елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге қолданылады",- деп толықтырды полиция.

Қазақстан аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны да ескертілді.

"Заңнамаға сәйкес азаматтар үшін де, үй иелері мен кәсіпкерлік субъектілері үшін де ескертулер мен айыппұлдар көзделген. Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды құжаттарын уақтылы рәсімдеуге және заңнама талаптарын сақтауға шақырады".Ақтөбе облысы ПД

Бұған дейін бүлдіршін қызды зорлаған 14 жасар қазақстандықтың 10 жылға түрмеге тоғытылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!