Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу рәсімі өтті
© Сурет: Instagram/rustemova_aliya
Бүгін, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының базасында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алуға арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram парақшасында оқиға орнынан бейнежазба жариялай отырып, мәлімдеді.
"Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы.Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады: аудиториялардың біріне оның есімі беріледі. Бұл тек құрмет белгісі емес, сондай-ақ, болашақ дәрігерлерге адамдарға және таңдаған мамандыққа қызмет етудегі бағыт-бағдар",- деді министр.
Сондай-ақ, министр Ұлдананың колледжді үздік тамамдағаннан кейін елордалық жедел жәрдем қызметінде төрт жыл фельдшер болып жұмыс істегенін айтты. Осы уақыт ішінде ол әріптестерінің шынайы құрметі мен науқастардың ризашылығына ие болды.
Айта кетсек, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, үйінді астында қалған адамдарды құтқару кезінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы фельдшерінің басына кондиционер қондырғысы құлаған. Ол ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген. 12 қарашада денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов фельдшердің жағдайы ауыр күйінде қалып отырғанын айтқан. Ал 18 қарашада 23 жастағы жас келіншектің қайтыс болғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты. Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:00, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы: Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені
-
16:55, 25 желтоқсан 2025
Сенат банктер туралы заңды Мәжіліске қайтарды
-
16:51, 25 желтоқсан 2025
Қазақстан президенті Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағын берді
-
16:42, 25 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлеуметтік саланы дамыту бағытында қолға алынған шараларға тоқталды
-
16:40, 25 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халықаралық кездесулердің нәтижесі жайлы айтып берді





