Олжас Бектенов шегірткеге қарсы қорғау шараларын күшейтуді тапсырды
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 12 мамырда өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шегіртке зиянкестерінің таралу қаупіне байланысты жағдайға тоқталып, бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды, сондай-ақ шегірткеге қарсы алдын алу және қорғау шараларын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, көрші мемлекеттерде шегірткенің шамамен 1,2 млн гектар аумаққа таралу қаупі бар.
"Барлық көрші мемлекеттермен бірлескен іс-қимыл алгоритмі қарастырылған. Қазіргі уақытта шекараға жақын маңызды аумақтарда мониторинг жүргізілуде. Анықталған жағдайда алгоритмге сәйкес екі тараптан да шұғыл шаралар қабылданады. Республика бойынша 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланып отыр. Оңтүстік өңірлерде химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Қажетті қаржыландыру қарастырылған, техника, препараттар және мамандар толық дайын. Бұл жұмыс министрліктің ерекше бақылауында", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін шегірткенің ауыл шаруашылығына тигізетін зияны және онымен күресу шаралары туралы да ақпарат берілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





