Мемлекет басшысы: Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім соңғы он жылда 2,5 есе өсті

16:29, 25 желтоқсан 2025

© Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті диқандардың соңғы екі жылда рекордтық астық жинап, қамбаларды толтырғанын атап өтті.

Мемлекет шаруаларға қаржылық қолдау көрсетудің тиімді жолдарын ұсынады. Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін жеңілдікпен несие берілетін болды. Биыл осы мақсатқа 1 триллион теңге бөлінді. Бұл – бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 10 есе көп.

Дегенмен, Мемлекет басшысы Үкіметке ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуді ескертті.

"Қомақты қаражатты субсидия ретінде беру ең жақсы тәсіл деп айтуға болмайды. Көрші елдерде мұндай көмекті ешкім бермейді, тегін деген ұғым мүлдем жоқ", – деді Президент.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытудағы қолдаудың сапасы мен тиімділігін арттырудың маңызды екенін атап көрсетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!