Олимпиада-2028: Бокстан жолдама үшін таласты бәсеке қай елде өтеді

17:59, 31 шілде 2026
MKZ: 1559067

© Сурет: Instagram/officialworldboxing

Шотландияның Глазго қаласында өткен World Boxing Атқару комитетінің отырысында 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін қабылдайтын елдер бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабылданған шешімге сәйкес, 2027 жылы құрлықтық іріктеу жарыстары мына мемлекеттерде өтеді:

  • Америка – АҚШ;
  • Азия – Қытай;
  • Еуропа – Еуропа ойындары (Ыстамбұл, Түркия);
  • Мұхит аралдары өңірі – Самоа;
  • Африка – Нигерия.

Сондай-ақ 2028 жылы өтетін екі әлемдік іріктеу турнирін қабылдайтын елдер де белгілі болды. Алғашқы жарыс Италияда, ал екіншісі Венгрияда ұйымдастырылады.

Жарыстардың нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты өзге де мәліметтер кейінірек жарияланады.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы дода 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионаты болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!