Нью-Йоркте Уолл-стрит маңында көлік жарылып, жұртты дүрліктірді

10:12, 21 мамыр 2026

© Сурет: pixabay

Нью-Йоркте қалалық көлік басқармасына (MTA) тиесілі автокөлік өртеніп, артынша жарылып кетті. Оқиға Уолл-стрит ауданында, әйгілі Charging Bull ("Шабуылдаушы бұқа") мүсінінің маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post басылымының жазуынша, оқиға сейсенбі күні кешке, адамдар ең көп жүретін уақытта MTA штаб-пәтері жанында болған. Алдымен көлік өртеніп, кейін кенеттен алып жарылыс болған. Мұны көрген адамдар қорқып, жан-жаққа қаша бастаған.

Оқиға орнына полиция мен өрт сөндірушілер жедел жеткен. Тілсіз жауды толық сөндіруге шамамен 90 минут кеткені белгілі болды.

Қазір өрттің шығу себебі мен жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.

Бұған дейін ДДҰ Африкадағы Эбола вирусының таралуын халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!