Нүкте қойдық. Жер мәселесі осымен шешімін тапты – Ерлан Қарин

15:55, 25 ақпан 2021

© Сурет: Global Look Press/Miguel Candela

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу туралы норманы заңдастыруды тапсырды. Оның ұстанымы айқын әрі нақты: "қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды", деп жазды желіде Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырып, бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойды. Президент Әкімшілігі Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлейді. Мемлекет басшысы осындай құжатты өз өкілеттігі аясында әзірлеуді тапсыру арқылы аталған норманы заң жүзінде бекітуге қатысты ұстанымы нақты екенін көрсетті, делінген жазбада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заң жобасы Үкіметтің, Парламент депутаттарының немесе Президенттің бастамасы бойынша әзірленеді. Аталған үш түрлі тәсілдің өз рәсімі бар. Заң жобасы Президенттің бастамасы бойынша әзірленсе, жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салуды заң жүзінде тезірек ресімдеуге болады.

Сонымен, жер мәселесіне қатысты ең көп талқыланған мәселе шешімін тапты. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға қатысты басқа да мәселелер Жер реформасы жөніндегі комиссияда талқыланады. Бұл комиссия бір айдың ішінде құрылып, жұмысын биылғы наурыз айының соңында бастайды, деді Қарин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!