Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел: синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
© Фото: pixabay
“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 27 сәуірге арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы сипатта сақталады.
"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін",- делінген ақпаратта.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 26 сәуір 2026
Екпінді жел, нөсер жауын: 27 сәуірде Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
-
17:37, 26 сәуір 2026
Елордада есірткі қылмысының жолы кесілді - 19 жасар курьер ұсталды
-
17:20, 26 сәуір 2026
Елена Рыбакина 26 сәуірде 2024 жылғы Олимпиада чемпионына қарсы ойнайды
-
16:54, 26 сәуір 2026
Алматыда қоқыс тиелген жүк көлігі аударылды
-
16:17, 26 сәуір 2026
Қызылорда облысында бейнекамералар арқылы 58 қылмыстың жолы кесілді





