Байқоңырдан «Союз» зымыраны ұшырылды

10:13, 26 сәуір 2026

© Сурет: Telegram/Роскосмос

2026 жылғы 26 сәуірде сағат 03:22-де Қазақстан уақытымен Байқоңыр ғарыш айлағы аумағынан Халықаралық ғарыш станциясына жүк кемесі – "Прогресс МС-34" ұшырылды. Оны орбитаға "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роскосмос мәліметінше, барлық техникалық операциялар штаттық режимде сәтті өткен. Атап айтқанда:

  • кеме белгіленген орбитаға шығарылды;
  • зымыранның үшінші сатысынан ажыратылды;
  • антенналары мен күн батареялары ашылды.

Мәліметте айтылғандай, жүк кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі 28 сәуірде Мәскеу уақытымен сағат 03:01-де жоспарланып отыр.

ХҒС-ты жабдықтауға арналған 95-миссия аясында "Прогресс" кемесі орбитаға шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Оның ішінде:

  • станцияны қайта жанармаймен қамтамасыз етуге арналған 700 кг отын;
  • 420 кг ауыз су;
  • станция атмосферасын толықтыруға арналған 50 кг оттегі бар.

Сонымен қатар, кеме ХҒС-74 экипажы мен станция жүйелеріне қажетті 1348 кг құрғақ жүк жеткізеді. Оның қатарында жаңа "Орлан-МКС" №8 скафандры да бар.

Бұған дейін, 15 сәуірде Байқоңырда "Прогресс МС-34" кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүргізілуде екенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!