Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

14:33, 26 сәуір 2026

© Сурет: Instagram/pso_dos.kst_

Қостанай облысында үш тәулік бойы із-түзсіз жоғалып кеткен Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. 24 сәуір күні кешке жас жігіттің мәйіті Мормыш көлі аумағынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұмның денесі тіршілік белгілерінсіз табылғаны туралы "ДОС" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірге туыстары өтініш берген сәттен бастап айналаны толық тексерген.

Жергілікті Mendiqara yni басылымының жазуынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады.


"Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. 24 сәуірде шамамен сағат 19:30-да мәйіт тіршілік белгілерінсіз табылды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!