Бокстан Әлем кубогы: 4 қазақстандық спортшы финалда ел намысын қорғайды
© Виктория Графеева, сурет: Instagram/graf.vp
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.
- 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
- Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.
- Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.
Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.
Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.
- 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
- 65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
- 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)
Бұған дейін Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 26 сәуір 2026
Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды
-
10:13, 26 сәуір 2026
Байқоңырдан «Союз» зымыраны ұшырылды
-
09:47, 26 сәуір 2026
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар: синоптиктер Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады
-
18:00, 25 сәуір 2026
Көлсайда туристік автобус таудан құлап кетті
-
17:42, 25 сәуір 2026
Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды





