Талдықорғанда асханада болған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды
© Сурет: pxhere
Талдықорғандағы асханалардың бірінде тұрмыстық жанжал соңы қайғылы оқиғаға ұласты: әйел адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарат Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында тараған. Онда шабуыл жасаған ер адамның жәбірленушіге қоғамдық тамақтану орнында бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақат салғаны айтылған.
"Ер адам бұған дейін де кісі өлтіру дерегі бойынша жауапқа тартылған. Бұл екінші рет пе? Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Жетісу облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша әйелдің қаза тапқанын ресми түрде растады. Қазіргі уақытта "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін Қарағандыда көлік ішінен пышақталған әйелдің мәйіті табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 26 сәуір 2026
26 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:51, 26 сәуір 2026
Алматы тауларында жүк көлігі апатқа ұшырады
-
11:23, 26 сәуір 2026
Вашингтондағы атыс: Трамп мәлімдеме жасады
-
10:13, 26 сәуір 2026
Байқоңырдан «Союз» зымыраны ұшырылды
-
09:47, 26 сәуір 2026
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар: синоптиктер Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады





