Алматы облысының құтқарушылар түнде 4300 биіктікте жоғалып кеткен туристі құтқарды

13:58, 26 сәуір 2026

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының құтқарушылары Сәтбаев шыңына шығу кезінде жоғалып кеткен туристі құтқарды. Іздеу жұмыстары түні бойы ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Қарасай ауданы, Сәтбаев шыңы маңында (теңіз деңгейінен 4300 м биіктікте) алты адамнан тұратын топтың көтерілуі кезінде қатысушылардың бірі қайтып оралмай, байланысқа шықпай қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол байланыссыз және бағдарсыз биік таулы аймақта болған.

Дабыл түскеннен кейін ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметімен бірлесіп, іздестіру ауданына жедел шықты.

Құтқарушылар түнгі уақытта таулы беткейлермен қозғалып, қауіпті учаскелерді тексеру барысында жоғалған адамды Советов шыңының астындағы "Качели" ауданынан тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Күрделі жағдайларға қарамастан, құтқарушылар оны жедел түрде биіктіктен эвакуациялап, қауіпсіз жерге жеткізді.

Бұған дейін Алматы тауларында жүк көлігі апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!