Алматы тауларында жүк көлігі апатқа ұшырады

11:51, 26 сәуір 2026

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда жүк көлігі Сағадат Нұрмағамбетов көшесімен төмен түсіп келе жатып, басқарудан айырылып, жеке нысан аумағына кіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, төмен қарай қозғалған жүк көлігінің тежегіші істен шыққан. Соның салдарынан көлік қиылыста қарсы бағытқа шығып, қоршауды, бірнеше ағашты қағып, су құбырына зақым келтірген. Кейін Offtop club аумағына кіріп, аударылған.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Соққының негізгі күші жүргізуші жағына тиген. Кабина қатты мыжылып, жүргізуші ішінде қысылып қалған. Құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ұзақ уақыт бойы шығарып алған.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккен жүргізуші тірі, оған алғашқы медициналық көмек оқиға орнында көрсетіліп, тамыр арқылы сұйықтық берілген.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқару қызметі және өрт сөндірушілер жедел жетті. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіруде. Олардың айтуынша, аталған аумақта мұндай оқиғалар жиі қайталанады. Құрылыс нысандарынан түсетін ауыр жүк көліктері көбіне жоғары жылдамдықпен қозғалып, кейде кузовтарынан тас пен топырақ шашылады. Тұрғындардың пікірінше, бұл жолы да көліктің қарсы жолаққа шығып, жеке аумаққа кіруі – үлкен қауіптің белгісі. Егер жолда адамдар немесе басқа көліктер болғанда, салдары одан да ауыр болуы мүмкін еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!