Елена Рыбакина 26 сәуірде 2024 жылғы Олимпиада чемпионына қарсы ойнайды
© Сурет: j48tennis
26 сәуір күні Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 жастағы Чжэн Циньвэнь – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы. Сол жылы атақты Dior сән үйі оны әлемдік амбассадор етіп таңдаған. 2024 жылы ол жүлде қорынан шамамен 5,56 миллион доллар табыс тапқан.
Дегенмен, Рыбакинаның бүгінгі қарсыласы өткен маусымның соңғы бөлігін және биылғы маусымның басын шынтақ жарақатына байланысты өткізіп алған. Қайтып келгеннен кейінгі ең үздік нәтижесі – Доха мен Майамидегі WTA 1000 турнирлерінде үшінші айналымға дейін жету. Бұған дейін ол Мадридте ешқашан үшінші айналымнан әрі аса алмаған.
Биыл 11 ақпанда теннисшілер Дохадағы WTA 1000 турнирінде кездескен. Ол матч 2 сағат 27 минутқа созылып, 4:6, 6:2, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталған.
Қазіргі таңда Чжэн Циньвэнь WTA рейтингінде 36-орында тұр.
Матч бүгін Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Бұған дейін бокстан Әлем кубогында 4 қазақстандық спортшы финалда ел намысын қорғайтындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 26 сәуір 2026
Екпінді жел, нөсер жауын: 27 сәуірде Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
-
17:37, 26 сәуір 2026
Елордада есірткі қылмысының жолы кесілді - 19 жасар курьер ұсталды
-
16:54, 26 сәуір 2026
Алматыда қоқыс тиелген жүк көлігі аударылды
-
16:17, 26 сәуір 2026
Қызылорда облысында бейнекамералар арқылы 58 қылмыстың жолы кесілді
-
15:55, 26 сәуір 2026
Нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел: синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды





