Не айтылғаны маған қызық емес – Тоқаев экс-президенттің Мәскеуге сапары туралы

10:04, 5 қаңтар 2026

© Фото: akorda.kz

Turkistan газетіне берген ауқымды сұхбат барысында мемлекет басшысынан Кремльде Путин мен экс-президент Назарбаевтың кездесуі жайлы сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие екенін атап өтті.

"Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді. Ресей президентінің ерекшелігі: ол достарымен және әріптестерімен жылы қарым-қатынас құра біледі. Жұмысы өте қарбалас болса да, сенбі күні Қазақстанның Тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақытын бөлді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды". ҚР президенті

Бұл ретте, мемлекет басшысы Ресей президентінің жеке қасиеттеріне тоқталып өтті.

"Ондай әңгімелер барысында не айтылғаны маған қызық емес, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймаймын. Ал, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым. Оның мемлекеттік институттарды және экономиканың нарықтық тетіктерін құру, жаңа астанамызды салу жолындағы еңбегін бәрі біледі. Өзіңізге мәлім, біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп орнаған ел еткіміз келеді. Сондықтан, ешкімді алаламай, әр азаматтың еңбегін әділ бағалау керек. Бұл еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да қатысты",- деп баса айтты ол.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан "орташа табыстар қақпанына" түсіп қалғанын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!