Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы
Бес мың жылдық тарихы бар Наурыз мерекесі әлемге жылулық әкеледі. Табиғат ана құлпырып, жер-ана бусанып, жұмыр жер бетіндегі жанды нәрселердің бойына қан жүгіреді, ағаштар бүршік жара бастайды.
Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстан аман шыққан халық айналасынан сүйінші сұрап, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.
Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша қазақстандық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.
Көпұлтты Қазақстан үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Жыл өткен сайын Наурыз елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Наурыз мейрамы тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
Жылда асыға күтетін жаймашуақ Наурыз мейрамы барлық ұлыс пен ұлт өкілдерінің басын қосып, татулығымыздың берік негізін көрсетеді. Бұл – ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық ұмытылатын, жақсыға қарай бет бұратын күн.
Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, тағы да басқа ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор. Қазіргі уақытта Елбасының қолдауымен Наурыз мерекесі мемлекеттік деңгейде тойланып, әр елді мекенде, қалалар, аудан мен облыс орталықтарында мерекелік киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта көңіл көтеру іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Осылайша, бұл мейрамның маңыздылығы мен қадірі күннен-күнге артып келеді. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, дәстүрімізді дәріптеп, ізгілік пен мейірімділікке, бейбітшілікке бастайтын Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





