«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

17:53, 4 сәуір 2026

© Сурет: X/@Lhunonthemoon

Астана мен еліміздің 16 өңірінде 5 сәуірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда 5 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұратыны болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23 м/с. Петропавлда 5 сәуірде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Алматыда 5 сәуірде күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Қонаевта 5 сәуірде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 5 сәуірде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 5 сәуірде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, тұман болады, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 5 сәуірде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде 5 сәуірге түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сақталады және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 сәуірде кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 5 сәуірде жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда 5 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал облыстың таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, облыстың солтүстік-батысында шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 5 сәуірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 5 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда таңертең және күндіз 5 сәуірде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 5 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!